Шахсевендер
Шахсевендер | ||
![]() | ||
Бүкіл халықтың саны | ||
---|---|---|
85 000 | ||
Ең көп таралған аймақтар | ||
| ||
Тілдері | ||
| ||
Діні | ||
Шахсевендер — Иранның солтүстік-батысындағы және Әзербайжанның оңтүстік шығысындаығ түркі халықтары. Жалпы саны 85 мың адам.(2017). Олар Ардебил және Мешкин шахсевендері болып бөлінеді. Әзірбайжандарға жақын, кейде олардың субэтникалық тобы болып саналады.[1]
Этногенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этнограф Иван Шопеннің айтуынша, шахсевендер оғыздардың бір тармағына жататын селжұқтардың ұрпақтары болған. Олардың Қашқай халқымен тамыры ортақ.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әзербайжан тілінің шығыс (мұған) диалектілерінде сөйлейді.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілері - сүнниттік мұсылмандар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл топтың құрылуы 16 ғасырда, шах Аббас I Қызылбастар көсемдері тайпасының ықпалын әлсірету мақсатында Қызылбас тайпалық бірлестігінің мүшелерінен арнайы жасақ құра бастады, жасақ Шахсевендер деп аталды. Аббас I тұсында Шахсевендерге Ардебил мен Мұған, Сава, Казвин аймақтарында үлкен жер иеліктері берілді. 19 ғасырдың аяғында Шахсевеннің көпшілігі отырықшы өмірге көшті. 1905-11 жылдардағы Иран революциясы жылдарында шахсевендердің басшылары монархия жағында болды. 20-30 жылдары Реза шах Пехлевидің елді орталықтандыру саясаты кезінде шахсевендер қарусыздандырылды. 1945-46 жылдардағы ұлттық-демократиялық қозғалыс кезеңінде Иранның солтүстік-батысында шахсевендердің жетекшілері реакцияны қолдады.[4][5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы (қой, ірі қара, түйе және жылқы). 19 ғасырдың аяғынан бастап отырықшы егіншілікке көшті.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар тайпалық жіктелуді, исламға дейінгі кейбір әдет-ғұрыптарды (соның ішінде жерлеу рәсімдерін) сақтаған.[7]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дәстүрлі тұрғын үйлері – шатырлар, лашықтар.[8]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерлер киімі – ақ немесе көк көйлек, қоңыр мата шалбар, ұзын қынама бел шапан, қозы терісінен бас киім. Қыста жеңі ұзын қой терісін киеді. Әйелдер киімі – көк көйлек, шаровар, жамылғы, жүннен тоқылған шұлықтар, алтын-күміс әшекейлер.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағамдары – палау, бұқтырылған ет, қой еті, сүт өнімдері.[10]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шахсевендер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ Кисляков В.Н. Шахсевендер. Тексерілді, 18 желтоқсан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 640. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.